Рамазан - мейірім айы!

gallery/1435337774_facebook
gallery/1435337799_twitter
gallery/logo 3

Уәжіп және нәзір иғтикәфтың уақыты ең аз дегенде бір күн болуы тиіс. Себебі, уәжіп иғтикәфта ауыз бекітілуі тиіс.[1] Бұл мәселеге қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Иғтикәф оразасыз болмайды»,-деген.[2]

Нәфіл иғтикәфтің уақыты мәселесіне келер болсақ, ғалым-дардың арасында нәфіл иғтикәфтың мерзіміне қатысты түрлі пікір бар.[3]Мәселен Имам Әбу Ханифаның (рохматул-лаһи ъаләйһи) пікірінше, ең аз дегенде бір күн иғтикәф етуді ниеттену қажет.[4] Алайда Имам Мухаммадтың[5] (рохматул-лаһи ъаләйһи) пікірінше, бір сағатқа иғтикәф етуді ниеттенсе болады.[6]

Иғтикәф орыны мәселесіне келер болсақ,[7] Мекке тұрғыны болған ер адам үшін ең абзал мешіт Меккедегі «Әл-Харам»[8] мешіті, Мадина тұрғыны болған ер адам үшін Мадинадағы Пай-ғамбардың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мешіті, ал Иеруса-лим тұрғыны болған ер адам үшін Иерусалимдегі «Әл-Ақса» мешіті.[9] Кейінгі кезекте орталық, кейін әркімнің өзі тұратын жердегі мешіт тұр.[10]

Әйел адамның иғтикәф ету орыны мәселесін «Әйел адам-ның ътикәфтің» тақырыбын қараңыз.

Абдуссамад Махат
«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

[1]Бұл да сонда.
[2]«Насбур-Райа».
[3]«Фадаил-аъмәл».
[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».
[5] Имам Мухаммад – Имам Әбу Ханифаның (рохматул-лаһи ъаләйһи) шәкірті.
[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».
[7]«Иътикәф дұрыс болудың шарттары» тақырыбын қараңыз.
[8]яғни, «Қасиетті Мешіт».
[9] ол мешітті «Бәйтүл-Муқаддас» деп те айтады.
[10]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

gallery/ihtikaf

Иғтикәфтың мерзімі мен орыны