Рамазан - мейірім айы!

gallery/1435337774_facebook
gallery/1435337799_twitter
gallery/logo 3

Дінімізде қасиетті саналған күндер бар. Мысалы, екі айт күндері, жұманың күндізі мен түні.

Рамазан айының күндізі және түні қасиетті. Ал Рамазанның ішінде,әсіресе соңғы он күндігі ерекше қасиетке ие. Өйткені, бұл кештерде адам баласының бір жылдық тағдыры белгіленетін Қадір түні бар.

Құранда Қадір түні мың айдан абзал делінген.[1] Ал мың ай сексен үш жыл төрт айға сәйкес келеді. Осы себептен Қадір түнін құлшылықпен өткізген пенде бақытты.

Сонымен қатар, Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бір сөзінде: «Алла Тағала Қадір түнін тек менің үмметіме нәсіп етті. Бұдан ілгері оны еш бір үмметке нәсіп етпеген еді»,-деген.[2]

Қадір түніндеҚыдыр атаны күтеміз деудің ешқандай діни негізі жоқ. Бұл аңыз. Мұсылман Қадір түнін біреуді күтіп емес, бәлкім аятта бұйырылғандай сауап үмітімен ғибадат етіп өткізгені дұрыс Бұған қатысты Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):«Қадір түнін иман және ықыласпен ғибадат етіп өткізгеннің бұрынғы жасаған күнәлары кешіріледі»,-деген.[3]

Қадір түні Алла Тағаланың разылығы үшін жасалған әрбір халал іс құлшылықа жатады. Мысалы, Ақырет үшін пайдалы ілім іздену, намаз, Құран оқу, зікір ету т.б.

Абдуссамад Махат
«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

[1]«Қадір» сүресі, 3 аят.
[2]«Дуррүл-Мансур».
[3]«Сахихүл-Бухари».

gallery/127096-1212331232014

Қасиетті Қадір түні