Рамазан - мейірім айы!

gallery/1435337774_facebook
gallery/1435337799_twitter
gallery/logo 3

Қасиетті Рамазан айына жеткізген Аллаһ тағалаға барша мақтау-мадақтар болсын. Аднан әулетінің құрметтісі Мұхаммедке Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын және Оның әулетіне, соңынан ерген сахабаларына және қияметке дейінгі ізбасарларына да.

Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Аллаһ елшісінің (с.ғ.с): «Рамазан оразасын иманмен және сауапқа деген үмітпен ұстаған кісінің ілгері кеткен күнәлары кешіріледі», – дегені жеткізіледі.

Ибн Хажар (раһм.а) хадиске берген түсіндірмесінде: «Хадисте келген «иманмен» дегендегі мақсат, яғни осы сөзден көзделген мұрат: оразаның парыздығын шынайы сеніммен мойындау. Ал, «ихтисаб» сөзінің мағынасы сауапты тек қана Жалғыз әрі серігі жоқ, Мәңгі тірі Аллаһ тағаладан сұрау».

Хаттаби (раһма.а) өз сөзінде: «Ихтисабан яғни тұрақты шешіммен үміт етіп қалау дегенді қамтиды. Демек, «ихтисаб» сөзі сауабына асыға отырып ораза ұстауды білдіреді. Сонымен қатар, сол мақсатта оразасын қиындатпаған қалыпта, күндерін ұзартпаған күйде (күнін қаза қылмастан) өз нәпсісін тазартып, әдемілейді», – деп түсіндірген.

Құрметті ораза ұстаушы бауырлар! Біз осы қасиетті айға лайықты болуымыз үшін: кеңшіліктерге толы бұл айды барлық қуанышымызбен, сағынышымызбен қарсы алуымыз қажет. Сондай-ақ, оразаның әр сәтінің ұлықтығын және түнгі қиямының да ұлықтығын шынайы мойындаған қалыпта Рамазан айын ізгі амалдармен толтыруымыз қажет.

Аллаһ тағала қасиетті Құранда:

قُلْ بِفَضْلِ اللَّهِ وَبِرَحْمَتِهِ فَبِذَلِكَ فَلْيَفْرَحُوا هُوَ خَيْرٌ مِمَّا يَجْمَعُونَ

«(Мұхаммед ғ.с.): «Олар, Алланың кеңшілігі, мәрхаметімен болған осылармен қуансын. Өйткені, Құран олардың жиған-тергендерінен қайырлы» де», – деп бұйырады.

Егер біздердің біреуіміз Рамазан айына жеткен болсақ Аллаһ тағала оның ішіндегі ұлықталынған ізгі амалдарды жасап Өз жанында дәрежеміз артуына жәрдем беріп, белгіленген сауаптарды иеленіп оны Өзі қалаған көлемде арттырып беруіне жеткізсін. Ал, егер осы айға жетпей ниет еткен қалыпта дүниеден өткендеріміз болса ниетіне қарай осы айдың сауабын нәсіп етсін.

Әлемдердің Раббысы Аллаһ тағала қасиетті Құранда:

وَمَنْ يَخْرُجْ مِنْ بَيْتِهِ مُهَاجِرًا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ يُدْرِكْهُ الْمَوْتُ فَقَدْ وَقَعَ أَجْرُهُ عَلَى اللَّهِ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا

«Сондай-ақ, біреу үйінен Аллаға, Пайғамбарға бола шықса да, оған өлім жетсе, сонда оның бодауы Алланың өзіне тән болады. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді», – деген.

Иә, Аллаһым! Біздерді хақысына лайықты түрде Рамазанның оразасын ұстауымызға, Өзіңе деген махаббатпен түнгі қиямында тұруымызға жәрдем бер!

Ардақты елші Мұхаммедке Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

 

«Рамазан» кітабынан аударып, әзірлеген
Ж.Кершеев

gallery/ramadan_greeting_card_by_marwanzahran-d5bl9r7

Рамазан қалай қарсы алынуы керек