Рамазан - мейірім айы!

gallery/1435337774_facebook
gallery/1435337799_twitter
gallery/logo 3

Сізді де қабірде ұмытпасын десеңіз!

Он сегізінші күннің амалы:

gallery/istock_000005107871medium

Рахман әрі Рахим Алланың есімімен бастаймын. Бүгінгі амалымыз өте әдемі, өте керемет амалдардан. Бауырым! Есіңізге түсіріп көріңізші. Өткен уақыттарыңызда сізге ең жақын болған дос, бауыр, туыс бар ма, бірақ қазір дүниеден өтіп кеткен. Дегемен, уақыт өткен сайын есіңізден оның жасаған жақсылығы кетпей жүретін. Сенімді түрде айта аламыз, ол кісі дүниеден өткен соң бір апта, он күн әрі кетсе бір ай есіңізде ұстап жүрерсіз. Бірақ, артынша ұмытарыңыз ақиқат. Міне, бауырым, бүгін сол сізге жақын болған марқұмдар үшін бір жақсылық жасауға асығыңыз. Себебі, көптеген адамдар дүниеден өткен соң ұмытылады. Біз дүниеден өткен ата-ана туралы айтып отырғанымыз жоқ. Егер ата-анаңыз жаныңызда болса, Алла ғұмырларын берекелі етіп арттырсын! Біз сізге жақын болған ең жақын досыңыз немесе көршіңіз туралы айтып отырмыз. Иә, мүмкін сіз айтарсыз, ондай достарыма садақа беріп жүрмін, ол үшін Алладан жарылқау тілеймін деп. Жоқ! Бүгін олар үшін жаңа игі амал жаса. Қалтаңыздағы қаражатыңыз бар болса сол бауырыңыз үшін бірнеше міскінді тамақтандырыңыз. Әрбір сауабын оған арнаған ниетпен. Алланың Әл-Кәрим екенін ұмытпаңыз, бауырым! Жасаған амалыңыздың сауабын сізге берері сөзсіз. Отбасыңызбен отырып әңгімелесіңіз, дүниеден өтіп кеткен екі ең жақын туыс-бауыр, достарыңызды бірге еске түсіріңіздер. Ал, егер олар сізден: «Не үшін еске алдыңыз бүгін? Ол кісінің марқұм болғанына 40 жыл өтті ғой», – деп сұраса. – Сол кісілер үшін бүгін бірігіп игі амалдар атқарсақ, – деңіз.

Бауырым! Өзіңізбен бірге кезінде намаз оқыған бауырларыңызды да естен шығармаңыз. Міне, сол марқұмдар үшін арнайы ниеттеніп Құран кітабын сатып алыңыз да мешіттердің біріне сыйға тартыңыз. Алла қаласа әрбір мәрте оқылған сайын сауабы сізге де, оған да жетіп отырады. Әлбетте, Алла жақсырақ білуші!

Көпшілік адамдар оларды ұмытып та кеткен. Осы сөзімді растайсыз ба? Адам баласының табиғаты солай. Өте ұмытшақ. Бірақ, сіз бүгін тірілердің есіне қабірге аттанғандарды түсіресіз. Осы игі амалға асығыңыз, бауырым!

Иә, Алла! Бауырым! Сіз білесіз бе? Сіз дұға етіп, ниет етіп жасаған игі ісіңіздің сауабын жолдамастан бұрын, ол адам қабірінде қиналып жатқан шығар? Мүмкін, (Алла сақтасын!) от оны қоршап тастаған шығар? Қабірі тарылып жатқан шығар? Ал, сіз жасаған амалдың сауабы арқылы сол марқұмның аталған қиындықтары сейілсе, кетірілсе, себепкері кім болады? Әлбетте, сіз емес пе? Тіпті, оның қабірін Алла тағала нұрға толтырып жіберер. Күллі адам оны ұмытқан кезде, сіз есіңізге алу себебімен.

Сізге мынандай бір оқиғаны айтайын. Алдыңғылардан болған бір салихалы құл күнделікті түнгі намазынан кейін арнайы марқұмдар үшін дұға етеді екен. Әлгі кісі күндердің бір күні түнгі намазына ұйықтап қалып, өткізіп алады. Сонда өзі дұға етіп жүрген марқұмдардың бірі түсіне еніп: «Ей, пәленше! Тұрмайсыз ба? Біздер үшін дұға етіп қабірлерімізді нұрландырмайсыз ба?» – дейді. Бауырым! Біздердің ақылымыз жете бермейтін талай сырлар бар мына ғаламда. Сондықтан, осындай хайырлы амалды бүгін жасап қалуға асығыңыз. Себебі, сіз білмейсіз ғой, өзіңіз дүниеден өткеннен кейін қандай жақсылықтарға мұқтаж болатындығыңызды. Егер бүгін өзгелерді еске алып, солар үшін бір жақсылық жасаңыз. Алла тағала сіздің де соңыңыздан адамдар ұмытқан кезде сіз үшін дұға ететін, сіз үшін садақа беретін, сіз үшін ізгі іс жасайтын адамды жіберері сөзсіз. Қасиетті Құранның «әр-Рахман» сүресі, 60-аятында:

هَلْ جَزَاءُ الْإِحْسَانِ إِلَّا الْإِحْسَانُ

«Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!» – деп сүйіншілендік емес пе?!

Алла тағала әрбір ізгі амалдарымызды салихалы құлдарынан қабыл еткеніндей біздерден қабыл етсін!