Рамазан - мейірім айы!

gallery/1435337774_facebook
gallery/1435337799_twitter
gallery/logo 3

Сыйлық сыйла!

Жиырма төртінші күннің амалы:

gallery/ui-57f72880ec0213.84194550

Бүгіннен қалдырмай жасайтын амалды айтайын ба саған, бауырым? Бұл жай сөз емес ол амал, дәл қазір соны атқаруға бел байла. Ең сүйікті адамдарың кім сенің? Ата-анаң, бала-шағаң, жұбайың, бауыр-қарын-дастарың, аға-әпкелерің, туған-туыстарың, жолдастарың. Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Бір-біріңе сыйлық беріңдер махаббаттарың артады». Яғни, өзара махабатты арттыратын нәрсе ол – сыйлық сыйлау. Махаббатты қаласаңдар бір-біріңе сыйлық беріңдер. Тағы бір хадисінде Алла елшісі ﷺ: «Жәннәтқа кіре алмайсыңдар иман келтірмейінше, иман келтіре алмайсыңдар бір-біріңді жақсы көрмейінше»,-деген. Олай болса иманның шарттарыннан мұсылман басқа мұсылманды Алла үшін жақсы көруі.

Бүгіннен бастап ең жақын, сүйіктілеріңнің тізімін жаз да әрқайсысына бір сыйлық сатып ал. Пайғамбарымыз ﷺ айтқан: «Парыздардан кейін Аллаға ең сүйікті амалдардың бірі – мұсылманның жүрегіне қуаныш сыйлау». Сыйлықтың қымбат болуы шарт емес, алайда оның болуы маңызды. Кейбір адамдар сыйлық неғұрлым қымбат болса, соғұрлым құндырақ деп пайымдайды. Жоқ, әсте олай емес! Кім олай айтты? Олай санайтындар орысша айтқанда «мелочниктер» деп аталады. Олар адамды киген киіміне, мінген көлігіне, сыйлаған сыйлығына қарап бағалайды. Ал біз адами, имани құндылықтар жайлы сөз қозғап отырмыз.

Анашың ше, қандай сыйлық жақсы көреді? Аналар қандай сыйлық тарту етсең де қуанады ғой, мысалы кейбір аналар ыдыс-аяқтың бір түрін сыйласаң қуанады, кейбір анарлар киім ұнатады, бірақ кейбір аналар бар бұдан да абзал нәрсеге қатты қуанады. Ол не дейсіз ғой? Ауылды жерде ауыз суы шығатын құдығы жоқ болуы мүмкін. Аталмыш ауылға барып бір құдық орнатып берсең жүздеген, мыңдаған адамдар содан су алып ішсе, қандай ғанибет! Не деген сауап жатыр ол жерде! Сол құдықтың басына анашыңның есімін жазып, «әрбір су алушы осы кісіге құға қылсыншы»,-деген өтініш қалдырсаң ше? Кейін анаңды сол жерге апарып: «Анашым, мынау менің сізге деген сыйлығым»,-десеңіз, анаңыз қатты қуанады. Осы амалыңмен Алланың разылығы мен екі дүниенің бақытын ұтып алуыңа болады, Алла жолындағы бауырым!

Сол секілді жұбайыңның атынан бір Құран сыйласаң, немесе бір жетімді тамақтандырсаң болады емес пе? Қандай сауапты іс болса соны жүзеге асырып, оны анаңа, жұбайыңа, бауырыңа тарту етсең қандай керемет!

Меселен, жұбайың үшін бір шоқ гүлін сатып алып, кішкене парақшаға: «Мынау сүйікті жарым пәленшеге арналады»,-деп жазып, үстелдің үстіне білдірмей қалдырып кет, жұбайың үйге келіп сіз әзірлеген сыйлықты көріп қуанып, риза болып қалады. Бұл нәрсе кішкентай болса да, жүрекке қалдырар әсері өте зор. Осының себебімен араларыңдағы махаббат одан сайын күшейіп, сүйіспеншіліктерің артады. Сол сияқты жұбайы отағасы үшін кішігірім сый-сыяпат дайындаса, қандай ғажап нәрсе бұл. Біз осы күнге дейін бұған мән бермеуіміз мүмкін, алайда әрбір сыйлық жүрекке оң әсерін бермей қоймайды.

Әрбір туысыңа солай сыйлық жаса. Әкеңе де тарту ететін сыйлығың оның сезімін танымастай өзгертіп жіберуі әбден мүмкін. Жақындарың, туыстарың, көршілерің, бауырларың барлығына көңіл бөліп, дәл қазір оларға сыйлық жасауға ниет қыл. Расында, сыйлық ол көңіл ғой. Сенің оларға берген сыйлығыңнан көңіл бөлуің маңыздырақ. Сыйлық бер сүйіспеншілік пен махаббат артады. Соған асық, бауырым!