Рамазан - мейірім айы!

gallery/1435337774_facebook
gallery/1435337799_twitter
gallery/logo 3

Жетімді жебеуге, оған қарайласуға асық!

Жиырма тоғызыншы күннің амалы:

gallery/1378620_713120825422714_128345088246953131_n-890x395

Алла тағалаға жақындататын ұлы амалдардың бірі – жетімге қарайласу, оны жебеу. Жетімге қарайласу деген сөз тек қана оған садақа беру, оған бір керекті зат әперу емес. Иә, бұл сөзсіз оған қарайласудың бір бөлігі. Алайда жетімге қарайласудың барлық түрін жасау жетімді жебеудің, оған қарайласуың осы.

Жетімге барып оның басынан сипа жүрегің жұмсарады, көңілің жай табады. Бір риуаятта: «Әрбір тал шашы үшін жақсылық жазылады»,-делінген. Жетімнің жүрегіне қуаныш сыйла, ешқашан ренжітпе. Алла тағала Өзіне күпірлік еткендерді сөккен, не үшін? Олар жетімге қарайласпайтын еді. Себебі жетімге жақсы қарау сені Аллаға жақын ететің амалдардың ұлысы.

Бүгінгі күнің «ЖЕТІМГЕ ҚАРАЙЛАСУ» күні деп аталсын. Аталып қана қоймай іс жүзінде солай болсын, Алла жолындағы бауырым! Көшеде жас бала қайыр сұрап жүруі мүмкін, одан сұра әкесі бар ма екен? Ол саған әкесінің дүниеден өткенін айтса нағыз көмекке мұқтаж бала осы. Кейбір жалғыз басты аналар бар балалары балиғатқа толмаған, солардың үйіне азық-түлік апарып бер, керек-жарағын әпер, олардың көңілін көтеруге тырыс. Кейбіреуі ешқашан ойын-сауық орталықтарында бір мәрте болса да болмаған, тіпті оның не екенін де білмейді. Сол жаққа апар, көңілін аула, ойнат, тәттәлер әпер. Сол балаларды разы еткенің үшін әлемдердің Раббысы разы болады. Осы амалың үшін мәңгілік жәннәтті тағдырыңа жазып жіберуі мүмкін. Алла елшісі ﷺ айтады: «Мен және жетімді қамқорлығына алған адам екеуміз жәннәтта былай боламыз»,-деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын біріктіріп көрсетті. Мұқият қарасаң осы екі саусақтың арасы өте жақын. Пайғамбармен ﷺ бірге болу ол не деген керемет!

Бір күні Алла елшісі ﷺ сахабаларына мына хадисті баяндап береді: «Қияметте жәннәтің есігін ең алғашқы болып мен қағамын (яғни жәннәтқа ең бірінше болып пайғамбарымыз ﷺ кіреді деген сөз). Сол кезде менің артымнан асыға бір әйел келеді, (ол әйел шәһидтерден емес, пайғамбарлардан кейінгі дәрежеде тұратын шыншылдардан да емес, салихалылардан да емес) мен оған: «Сен кімсің?,-деп сұрағанымда, әлгі әйел: «Мен өзімнің жетім балаларыма қарайласқан әйелмін»,-деп жауап береді. Алла тағала Құранда былай деп айтады:

وَيُطْعِمُونَ الطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِ مِسْكِينًا وَيَتِيمًا وَأَسِيرًا

«Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді»[1]

Бұның барлығын не үшін істейміз, мақсатымыз не бұдан, не қалаймыз бұл ісімізбен?

إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ اللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمْ جَزَاءً وَلَا شُكُورًا

«Олар: «Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтан-дырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз»[2]

Кейбір мүміндер бар бұнымен ғана шектелмей жетімді асырап алады. Өзі жеген тамақты соған жегізеді, ішкенін ішкізеді, кигенін кигізеді. Жер жүзіндегі ең абзал үйлерге айналады. Ондай үйлерден Алла риза болады. Жетімге қарайласқан үйлер ең абзал үйлер.

Сол жетім балаға көп нәрсе керек пе? Жоқ, оған көңіл бөлудің өзі жүрегіне бақыт сыйлайды. Балаға бір күнге шаққанда өте аз нәрсе керек. Сол аз нәрсе арқылы мәңгілік жәннәтті ұтып алуыға үлкен мүмкіндік туып тұр. Жетімге қарайласуға асық, бауырым! Алла тағала сипаттағандардың қатарынан табыл, иманды жан!

وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْعَقَبَةُ ﴿١٢﴾ فَكُّ رَقَبَةٍ﴿١٣﴾ أَوْ إِطْعَامٌ فِي يَوْمٍ ذِي مَسْغَبَةٍ ﴿١٤﴾ يَتِيمًا ذَا مَقْرَبَةٍ ﴿١٥﴾ أَوْ مِسْكِينًا ذَا مَتْرَبَةٍ

«Кедергінің не екенін қайдан білесің? (13) Ол: құл азат ету, (14) Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру; (15) Жақындағы болған бір жетімді, (16) Немесе шаң топырақтағы сорлыны»[3], – деген.

 

[1] «әл-Инсан» сүресі, 8-аят
[2] «әл-Инсан» сүресі, 9-аят
[3] «әл-Бәләд» сүресі, 12-16 аяттар