Рамазан - мейірім айы!

gallery/1435337774_facebook
gallery/1435337799_twitter
gallery/logo 3

Алладан қорқып жыла

Жиырма сегізінші күннің амалы:

gallery/6

Исламда бір амал бар, ол амал Аллаға өте ұнайды. Керек десең тозақ отынан қорған болатын амал бұл. Бұл ғана емес, оған қоса ешбір көлеңке болмаған күні, сот күні, Алла тағала өз көлеңкесіне алады осы амалды істеушіні. Елестетші, ешкім ешкімде шаруасы болмаған күні, әркім өз проблемасын ғана ойлап, қорқып тұратын күні, бауыры бауырынан қашатын күні, Алладан басқа ешкім құтқара алмайтын күні Раббымыздың Өзі сол адамды көлеңкесінің астына алады. Ол қандай амал десең, ол – жылау. Иә, жылау. Көбі бұл амалды істей алмайтынын айтады, бірақ бұл іс әрбір мүміннің шамасы жететін амал. Алладан қорқып жылау немесе Оған деген махаббаттан жылау. Оған көз қатысса да негізі, бұл амал жүрекпен байлынысты. Жүрек жылай білсе болғаны. Жүрек Алладан қорқып жылайды, Раббысынан ұялып жылайды, істеген қателіктері мен күнәларын еске алып жылайды, қаншалаған ол елемейтін Алланың хақысына кеткен қателіктерді есіне түсіріп жылайды, Алласымен жолығу сәтін сағынып жылайды, жәннәтін аңсап жылайды, тек соны ұғына алған жүрек тірі болу керек. Жүрек жылай алса ол көзді жылатпай қоймайды, себебі проблема жүректе. Тас болған жүректер, қатайған жүректер, күнәмен қарайған жүректер қаншама. Біз сондай жүректің иесі емеспіз бе? Осы біздің уайымға айналу керек.                

Намазға тұра қалсақ денеміз намазда болса, жүрегіміз базарда, жұмыста, көшеде, телефонда, қарызды ойлап тұрады, көліктің проблемасында т.б. жерде қалып қояды. Бұндай жүрек Алла үшін жылай алмайды, ол дүниеден тазару керек, Раббысымен байланыстағы жүрек қана шынайы жылайды. Ол жүрек Алласын еске алып жылайды.

أَلَمْ يَأْنِ لِلَّذِينَ آمَنُوا أَن تَخْشَعَ قُلُوبُهُمْ لِذِكْرِ اللَّهِ

 «Иман келтіргендердің жүректері Алланы еске алуға құлап, жылайтын күндері келген жоқ па, әлі?»[1]

Ешбір көлеңке болмаған күні жеті адамды Алла тағала Өз саясына нақты алады. Соның бірі – жалғыз қалған кезде Алланы еске алып, жылаған адам. Ол дүниеден өткен жақын туысын еске алмады, басына төнген қиындықты еске алмады, жоғалтқан дүниесін де еске алмады, ол Алланың азабынан қорқып, жәннәтін үміт етіп жылады. Бұл адамға үлкен сүйінші хабар бар ол – көктер мен жердің көлеміндей болған жәннәт пен Алланың көлеңкесінде паналау. Не деген керемет нәрсе бұл!

Алладан қорққан күйде жылау үшін, бауырым, жеке қалуың керек. Мешітке ертерек, бәрінен бұрын бар да дүние мен оның ішіндегінің бүкілін ұмыт, оң жағыңдағы мен сол жағыңдағылардың барлығын ұмыт бір сәтке, тәкпір айт та өміріңдегі ең соңғы намазыңдай оқы, Аллаға жақында. Аяттарға ойлан, осы күнге дейін жасаған бүкіл күнәларыңды көз алдыңа алып кел, мойында оларды, жүрегің міндетті түрде жұмсарады, Алланың мейірімін есіңе ал, рахымының кеңшілігін еске түсір, сол сәтте жүрегің жібіп, көздеріңнен жас кетеді. 

وَيَخِرُّونَ لِلْأَذْقَانِ يَبْكُونَ وَيَزِيدُهُمْ خُشُوعًا ۩

«Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады»[2]

Мүміндер қиямда да, рукуғта да, сәждеде де жылайды. Тіпті бұрыңғы өткен салихалылар ұйықтар алдында жастықтың үстінде жылайтын, Алладан қорқып жылайтын, оның жылағанын жанында жатқан жұбайы да білмей қалатын еді. Ықыласты қараңыз қандай болған.

Суфиян әс-Сәури деген үлкен ғұлама сөздерінің бірінде: «Жылаудың он үлесі бар, оның біреуі Алла үшін, тоғызы Алладан басқа нәрсе үшін болады»,-деген. Алладан қорқып жылайтын көздер қайда? Бұл көздерді қияметте от жемейді, от күйдірмейді бұл көздерді. Бүгіннен бастап жалғыз қалып, күнәларыңды еске алып, Алладан қорққан күйде жыла, дұға қыл. Айша анамыз пайғамбарымыздың ﷺ жылауын сипаттап: «Алла елшісі ﷺ жылағанда әуелі сақалы су болатын, жылай берген соң тізелері су болатын, кейін отырған жері де су болатын. Жылаған кезіндегі дыбыс қайнап жатқан қазан секілді болған. Міне, Алла елшісі ﷺ Раббысынан қалай қорқатын». Әбу Бәкірдің жүрегі соншалықты таза «әл-Фатиха» сүресін оқығанында жылап жіберетін. Омардың көз жасынан жүзінде екі қара сызық пайда болған, жасы аққан жерінде із қалған. Осман түні бойы Алладан қорқып жылайты. Әлидей Раббысынан қорқып жылауда ешкім тең келе алмайтын. Олар жылайтын жылауларымен Алладан қорқыныштары артатын.

Бауырым! Бүгіннен бастап өз нәпсіңмен сөйлес те, бүгінгі түнді Алладан шынайы қорқып, Оның рахымынан үміт етіп, Оған деген махаббатыңды білдіріп, жылаумен өткізем деп уәде бер.

 

[1] «әл-Хадид» сүресі, 16-аят
[2] «әл-Исра» сүресі, 109-аят